«Жасанды интеллект» туралы не білеміз?

«Жасанды интеллект» терминін ғылымға алғаш енгізген Джон Маккарти атты ғалым болатын. Бұл терминді естіген сәтте көз алдымызға компьютер, техника немесе шытырман фильмдердегі роботтардың елестейтіндігі түсінікті. Бірақ, «жасанды интеллект» жоғарыда айтылған мысалдармен ғана шектелмейді.

Негізінде қазіргі ғылымның дамыған уақытында «жасанды интеллект» түпкілікті іске асты деп айту қиын. Себебі, қазіргі кездегі «жасанды интеллект» дегеніміз - тек өзінің саласына машықтанған арнайы бағдарлама. Мысалға айтқанда, фотодағы адамның түр-келбетін тани алатын бағдарламама өз ісінің шебері болғанымен, ол өлең жазу немесе әңгіме құрастыру секілді жұмыстарды жасай алмайды.

Ғылымның осылайша қарқындап дамуы, болашақта миллиондаған адамдарды атқарып жүрген қызметтерінен айыруы әбден мүмкін. Бұндай мамандықтарға бухгалтерия, менеджер және осыған ұқсас мамандықтар жатады. Себебі, бағдарлама адамға қарағанда қателесуі екіталай және де бұл бизнес жағынан, ақша үнемдеу жөнінен тиімді болып келеді.

Тағы бір жоғалуы әбден мүмкін мамандықтардың бірі - таксист және басқа да қоғамдық көліктерді жүргізушілер. Кем дегенде алдағы 10-15 жылдан кейін барлық көліктер өзін-өзі басқару секілді арнайы «жасанды интеллекттермен» қамтамасыз етілетіндігі түсінікті. Қазіргі кезде адамның көмегінсіз-ақ жүріп, өзін-өзі басқаратын көліктердің қарқынды дамуы осы сөзімнің дәлелі.

Егер жоғарыдағы айтылған мамандықтардың болашақта керексіз болатындығына күмәнмен қарасаңыз, мысал ретінде «оятқыш-адам» аталған, қазіргі қоғамда түпкілікті жоғалған мамандықты айтуға болады. Бұл мамандық иелері 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Англияның өнеркәсіптері дамыған қалаларында жиі кездескен. Олар таң ертесімен тұрып, өзіне тапсырыс бергендердің терезесін ұзын ағашпен бірнеше рет қағып, клиентінің оянғанын күткен және осы жұмыс арқылы тиын-тебендерін тапқан екен. Бірақ, уақыт өте келе, механикалық сағаттардың әр үйге қолжетімді болуы бұл мамандықтың қоғамнан өзінің рөлін жоғалтуына алып келді, ал, осы жұмыс арқылы нанын тауып жүргендер далада қалды десек те болады.

Осы айтылған деректерден кейін «жасанды интеллектке» деген көзқарасыңыз жағымсыз жағына өзгеруі әбден мүмкін. Иә, болашақта адамдардың кейбір мамандықтарының роботтарға тиесілі болуы қорқынышты жайт болғанымен, «жасанды интеллекттің» келешекте адамға тигізер зиянынан пайдасы көп болады деуге келеді. Әсіресе, медицина саласында түрлі диагноздарды қою, әлі күнге дейін табылмаған рак аурулардың емін табуда және ғарышты зерттеуде осындай интеллектердің, бағдарламалардың тигізер пайдасы зор.

Қазіргі қоғамда мамандығынан айырылған немесе айырыламын деп қорқатын адамдар жұмыстардың робототехникаға айналуына қарсы шығып жатады. Алайда, кейбір адамдардың өз мамандығынан басқа да қоғамға қажетті қызметтерді игере алмауы, бүкіл адамзаттың, технологияның, «жасанды интеллекттің» дамуына ешқашан зиянын тигізбеуі керек-ақ. Біз қалайық-қаламайық, өмірдің бір орнында тұрмайтыны сияқты, өзгерістер де жаңғырып, жетіле береді.

Нұртілек ЖОЛАМАНҰЛЫ,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521