Жасанды интеллект - заманауи медицинаның сенімді тірегі

 

Жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын медицина саласына енгізу — қазіргі заманауи денсаулық сақтау жүйесінің ең өзекті және қажетті бағыттарының бірі. Бұл технологиялар медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, оны халыққа қолжетімді әрі тиімді етуге зор мүмкіндік береді. Жасанды интеллект негізіндегі жүйелер дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, диагностиканы нақты жүргізуге, аурудың алдын алуға, деректерді автоматты түрде сараптауға көмектеседі. 

Мұндай технологиялар арқылы медициналық мекемелерде мониторинг жүргізу жеңілдейді, яғни әрбір қызмет түрі нақты бақылауда болады. Бұл — көрсетілетін көмектің сапасын арттырып, адам ресурстары мен қаржыны тиімді пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен жедел шешім қабылдау, күрделі операцияларға дайындық және жеке медициналық жоспарлар құру әлдеқайда оңтайланады.

Президент Жолдауында айтылғандай, медицина саласын цифрландыру – еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтерудің маңызды қадамы. Сондықтан бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу – мемлекет пен қоғам үшін ортақ міндет.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Зинеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT