Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында айтылған жасанды интеллект саласына қатысты бастамалары біз үшін айрықша маңызды. Өйткені жаңа технологияның дамуы тек ғылым мен өндіріс саласына ғана емес, білім беру жүйесіне де үлкен өзгеріс әкелмек.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі ретінде айтарым, жасанды интеллект оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Заманауи цифрлық құралдар балалардың қиялын ұштап, өнерді үйренудің тың әдістерін ұсынады. Бұл – олардың тек сурет салып қана қоймай, технологияны меңгеріп, жаңа заман талабына сай дамуына жол ашады.
Президенттің жастарды ІТ бағытында қолдауға, білім беру саласын цифрландыруға басымдық беруі – ел ертеңіне жасалған үлкен инвестиция. Біздің міндетіміз – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, шәкірттерімізді ізденімпаз, озық ойлы, жаңа технологияны игере алатын тұлға етіп тәрбиелеу.
Жанбота СЕРІКҚЫЗЫ
Исатай аудандық оқушылар үйінің бейнелеу пәнінің мұғалімі