Жасқайратқа табиғи газ барады

Исатай ауданының әкімі П.Хасанов Қамысқала ауылдық округіне қарасты Жасқайрат және Ауғайран елді мекендерін аралады.

Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Аудан әкімі П.Хасанов жергілікті халықпен кездесіп, тұрғындардың көптен күткен жаңалығы Жасқайрат елді мекеніне тамыз айында газ желісінің құрылысы басталатындығын жеткізді. «Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу (тендер) рәсімдері жүргізілуде. Жоспар бойынша шілде айында жеңімпаз мекеме анықталады деп күтілуде» делінген желідегі хабарда.

2

Одан бөлек тұрғындар тарапынан каналдар мәселесі қозғалып, осы бойынша аудан басшысы Сборный-саржігіт, Жасқайрат, Ауғайран каналдарын аралап, Жасқайрат ауылындағы бастауыш мектептің, су тарату имаратының жұмысымен танысыпты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521