ЖАСӨСПІРІМДЕР "KASPI GOLD" ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АЛАЯҚТЫҚТЫҚ ӘРЕКЕТКЕ БАРҒАН

Алаяқтық –бүгінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп бара жатқан қылмыстық қарекеттердің бірі.Оның мысалдары күн өткен сайын артып, түрлі бағытта дами түскені өкінішті. Соның ішінде бұл дертке жасөспірімдеріміздің де шалдығуы алаңдатпай қоймайтын жайт.Оның кейбір көріністері Исатай  ауданында да да бой көрсетіп отыр.

 Исатай аудандық полиция бөліміне өткен қыркүйек, қазан айларында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында азық-түлік дүкендеріне «Kaspi gold» қосымшасы арқылы жалған түбіртек көрсетіп, сауда жасау бойынша хабарламалар тіркелген. Бұл жақсылық емес.

Осы фактілердің алдын алу бағытында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, аудандық полиция бөлімі, аудандық кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, аудан орталығындағы, ауылдардағы азық-түлік дүкендерде түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.

Анықталғандай, жасөспірімдер арасында сауда орындарына төлем жасау кезінде – электронды аударымның жалған түбіртегін көрсетіп, алдап кету оқиғасы көбейген. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда жедел іске кіріскен. Олар алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл азаматтық тұрғыдан алғанда біздің мәдениеттілігімізге де, адамшылыққа да жат нәрсе. Сондықтан, жасөспірімдерді осы бір жат әдеттен сақтандыру, тек құқық қорғау органдарының ғана емес, баршамыздың ортақ міндет екенін осы бастан ескергеніміз абзал.

                                                                                                                                                      Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT