Жастар ақынмен кездесті

Исатай ауданында ақын әрі жазушы Ұларбек Нұрғалымұлымен «Сөз болмысы – ұлт болмысы» тақырыбындағы рухани кездесу болды.

Шараны жүргізген аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов жиналғандарды кеш қонағымен таныстырып, кештің маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Ақын шығармашылығының тақырыбы қазақтың ұлттық танымы, негізгі тіні көркем шығарма, өлең, әңгіме болғандықтан, кездесудің негізгі тақырыбы да - қазақтың мақал-мәтелі мен тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары және салт-дәстүр, ұлттық, классикалық музыка, ән мәтіндерінің бүгінде шаң басып, ұмыт болып бара жатқан ғажайып сырларына үңілген публицистикалық зерттеу мақалалары мен нағыз қазақтың болмысын көрсететін әңгімелеріне бағытталды.

jasaqin1

Білікті жазушы қазақтың мақал-мәтелдері мен тұрақты тіркестеріне мысал келтіре отырып, мән-мағынасын аша түсті. Қазіргі заманауи дамыған қоғамда, өскелең ұрпағымыздың санасын улаудан сақтандыру, сауаттандыру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып, салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды, ең бастысы - асыл ана тілімізді құрметтеу мақсатында өткен кездесуде мағыналы әңгімелер қозғалып, кеш қонағымен кездесуге келген мектеп оқушылары мен ауыл жастары ерекше әсер алды. Жиналғандар сондай-ақ, көкейде мазалап жүрген кейбір түсініксіз сөздер жайында біраз мағлұмат та алып, өз ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында ақынның шығармашылығына табыс, сапарына сәттілік тілеген Арманбек Амантайұлы қаламгерге аудан әкімі Марат Мурзиевтің атынан алғыс хат табыстап, «Исатай ауданының шежіре» кітабын сыйға тартты.

Айза ЗИНУЛЛИНА,

аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521