Жастар бір күнін кітапханада өткізді

Кітапсүйер қауымның зияткерлер алаңы «Bookdating» өзін тиімді, қазіргі заманға сай, әр түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылауға арналған озық алаң ретінде танытып келеді.

Ауданымызда қолға алынған жоба аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Bookdating» кітаптар презентациясы барлық ауылдық округ кітапханаларында өткізілді. Оқуға міндетті кітаптардың жеке нұсқасын шығару, кітап әуесқойларының бірегей сұхбат алаңын жасау, жастарды кітап оқу мен өздігінен білім алуға баулу мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті. Бүгін әр ауылдың жастары бос уақытын өзінің ұнаған кітабын оқуға арнады.

– Кітапханаға келген жаңа кітаптарды таныстыру, насихаттау бағытында осындай басқосуларды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Қазіргі жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы төмен екендігі жасырын емес. Ал, интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде әдеби кітаптар оқыла бермейді. Сондықтан, жастарымыздың ой-өрісін дамытып, танымын арттыру мақсатында аудандық кітапханамен бірлесіп, ай сайын осындай шара өткізуді қолға алдық. Атаулары басқа болғанымен мақсат бір - белсенді жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылықты ояту, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Гаухар Талғатқызы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521