Жастар лагерь ұйымдастырды

Өткен аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері Есіркеп каналының көкжиегінде Жастар ресурстық орталығының және «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар – Отанға» атты ауданның 18–29 жас аралығындағы жастардың қатысуымен лагерь өткізілді.

Ауданда алғаш рет өткізіліп отырған шараға жеті ауылдық округтен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, жұмыссыз жастар және студенттер қатысты. Жастар лагерінің ашылу шарасына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Амантайұлы қатысып, тәлімді шарадан тағылымды тәрбие алуға шақырды. Сондай-ақ, ол жастарды жақсылыққа жұмылдыру жолында өтетін шаралардың алда да жалғасатынын айтып өтті.

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Есіркеп» каналының жағасында өткен лагерьде «Айсберг», «Шеңбердегі сандар», «Өрмекші торы», «Ұшатын жұмыртқа», «Қыл көпірде», «Су құбыры» тақырыптарымен тренингтер мен қызықты ойындар өтті. Екі күнге созылған лагерь жұмысын қорытындылаған жастар ресурстық орталығының басшысы Гаухар Талғатқызы қатысушы 40 жасқа орталық атынан сертификаттар табыстады.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521