Бүгін Жастар орталығында TEDx форматында ерекше кездесу өтті. Мұндағы мақсат–Исатай аудандық мәслихатының депутаттары Асхат Жұмабекұлы, Едіге Амангелдіұлы және Ақмарал Мәдиқызымен жүздесіп, пікір алмасу.
Іс-шара меймандары қоғамдағы парасаттылық құндылықтарын жастар арасында насихаттау және өзін-өзі жетілдіру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыруды көздеді. Басқосу барысында депутаттар өздерінің жұмыстары мен қоғамдық қызметтері туралы ақпарат беріп, қоғам алдындағы жауапкершіліктері жөнінде сөз қозғады.
Жастар өздерінің сұрақтарын қойып, депутаттардың тәжірибелері мен көзқарастарын тыңдады. Бұл кездесуде қатысушылар арасында ашық пікір алмасу орын алып, жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерге қатысты көзқарастары айтылып, кеңінен талқыланды.
Жұлдыз Амангелдіқызы