Жастар оптимизмі - ертеңгі жарқын күннің негізі

сурет ғаламтордан

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижелері – халықтың қазіргі билікке және елдің даму бағытына деген сенімінің нақты көрінісі. 8 мың адамды қамтыған бұл әлеуметтік зерттеу еліміздің әр аймағы мен жастағы тұрғындардың ой-пікірін жан-жақты қамтыған.

Сауалнама нәтижесі бойынша, азаматтардың 75,9%-ы елдің даму бағытын оң бағалаған. Бұл – мемлекеттік реформалардың халық арасында қолдау тауып жатқанын көрсетеді. Әсіресе, 18–29 жас аралығындағы жастардың 84,6%-ы елдің болашағына сеніммен қарап отырғаны қуантады. Бұл – жастардың өз елінде қалып, дамуға үлес қосуға ниетті екенін білдіреді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының оң бағасы (79,3%) – «Ауыл – ел бесігі» секілді бағдарламалар мен білім беру, инфрақұрылым, әлеуметтік қорғау салаларындағы нақты істердің жемісі. Жүргізілген реформалардың ішінен мектептер салу, Ұлттық қордан балаларға қаражат жинау, БЖЗҚ-дан қаражат шешіп алу мүмкіндігі, отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес сияқты бастамалар халықтың күнделікті өміріне әсер етіп отырғаны анық байқалады.

Мұндай зерттеулер – ел ішінде жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Ең бастысы – халық сенімі бар жерде тұрақтылық пен даму болады.

 

Сағыныш қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT