Жастар ресурстық орталығында жаңа басшы

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының 01 наурыздағы №7 бұйрығымен Есқалиев Ринат Нәбидоллаұлы аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ринат Есқалиев - 1989 жылы Х.Ерғалиев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «тарих-география» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012 жылы Атырау қаласындағы Еркін орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 2014 жылы аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауысып, 2016 жылға дейін атқарған.

2016 жылдан 2019 жылдың 01 наурызына дейін Исатай аудандық білім бөлімінің әдіскері лауазымын атқарған. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521