Жастар ресурстық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Исатай ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Амиров  орталықтың жаңа басшысы Нұрдаулет Серіккалиұлын  ұжымға таныстырып, жауапты міндет - аудан жастарымен бірлесіп атқарар жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ателов Нұрдаулет Серіккалиұлы 1990 жылы 22 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2009-2012 жылдары Атырау мұнай және газ институтының экономика мамандығы бойынша тәмандаған.

Еңбек жолын 2008-2010 жылдары «Ренко-Кат» ЖШС-де металл конструкторы болып бастаған. 2011-2012 жылдары «Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде экономист, бас есепші, 2012-2014 жылдары - «ПромСтройЭнерго» ЖШС-де логистика бөлімінің маманы, бас қоймашы, 2015-2017 жылдары - «Бисенгалиев Н.» жеке кәсіпкерлігінде атқарылған жұмыстарға жауапты маман (ОВР), 2019 жылдан күні бүгінге дейін Исатай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінде маман болып қызмет атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521