«Жастар жылы» құтты болсын!

Жастар жаңа бастамалармен, жастық жігермен, иновациялық даму үрдісімен рухани жаңғыра отырып Елбасының бастамаларын әрқашан қолдайды.

Өйткені, Президентіміз әрқашан «Жастар - еліміздің болашағы» деп бізге үлкен сенім артуда. Жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында жастарға арнайы тоқталып, олардың сапалы біліммен сусындауын, жан-жақты, заманға сай азамат болып жетілуі керектігін айтып-ақ келеді. Күні кеше ғана ұсынылған Жолдауында Елбасымыздың «2019 жыл - Жастар жылы» деп жариялауы жастарға деген ерекше сенімі мен қолдауы деп білеміз. Ел болашағы саналатын жастарды қолдау керектігін және Жолдауда жоғары оқу орындарын тамамдаған жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет ету мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мән береді.

Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлкен әсер етері даусыз. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деді Елбасы өз Жолдауында. Бұның өзі бізге жасалған үлкен қамқорлық. Ендеше, «Жастар жылы» құтты болсын! Және біз, жастар, ел, Елбасы артқан үлкен сенімді ақтай алатын, бабаларымыз аңсаған арман – бүгінгі бақытты өмірді бағалай алатын ұрпақ болуға міндеттіміз!

Ұлжан ӨТЕГЕНҚЫЗЫ,

Аққыстау ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521