Аумақтық коалиция мүшелері жастармен кездесу өткізіп, конституциялық реформаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары таныстырылып, реформаның қоғам дамуына ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, елде болып жатқан өзгерістерге бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар жинақталып, аумақтық коалиция қарауына жолданатын болады.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да түрлі форматта жалғасын табады. Қоғамдық диалог – сапалы реформалардың негізі.



