«Жасыл ел» жұмысын бастайды

«Жасыл ел» еңбек жасағы биылғы жұмысын 10 шілдеде бастайтын болды.

«Жасыл ел» сарбаздарының құжаттарын қабылдау биыл онлайн түрде өтті. Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Жансая Рысқалиеваның айтуынша, биылғы ахуалға байланысты ауданымызда көгалдандыру жұмыстарына барлығы 100 квота бөлінген. Соның ішінде көгалдандыру жұмыстарына 90, құрылыс бағытына 10 квота қаралған.

- Көгалдандыру жұмыстары екі кезеңге бөлініп отыр, алғашқы кезең шілде айының 10-ы күні мен тамыз айының 1-і аралығында болса, тамыз айының 1-мен 30-ы күндері аралығына екінші кезең жоспарлануда. Әр кезеңде жалпы саны 50 адамнан аспайтын топ жұмыс жасайтын болады, - дейді жастар ұйымының басшысы.

Сондай-ақ, ол карантиндік шектеулерге байланысты барлық талаптар толықтай орындалып, жұмысшылардың ара қашықтықты сақтауы, жұмыс кезінде бет перде, қолғаптың болуы сынды сақтық шаралары қатаң түрде қадағаланатынын айтады.

Айта кетейік, 2005 жылдан Елбасының бастамасымен жазғы демалыстар кезінде жастарға өз қаласын көгалдандыруға (ағаштар отырғызу, кесу, ормандарды, су қоймаларын және т.б. санитарлық тазалау) мүмкіндік беретін «Жасыл ел» бағдарламасы жұмысы бастау алған болатын. Жыл сайынғы жаз айларында атқарылатын бұл жұмыстар ауданымызда биыл да қолға алынбақ.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT