«Жасыл елдіктер» жұмысын бастады

Исатай ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағы құрылып, бір топ аудан жастары жұмысқа орналастырылды.

Биылғы «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыс жоспарымен және жасақ құрамымен таныс болу мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзинмен осы жөнінде қысқаша тілдескен болатынбыз.

c60bd67e-fb6d-4f80-81e7-9cb5ea409cb2

- Осы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағы негізінде жұмыс беруші мекеме болып облысымыздағы «Жеті жарғы» атты қоғамдық ұйым бекітілген болатын. Карантиндік шектеулерге байланысты жұмысқа орналасу онлайн форматта жүргізілді. Қажетті құжаттардың барлығы алдын-ала арнайы портал арқылы жүктеліп, жұмыс беруші мекемеге жолданды, - дейді Азамат Балмурзин.

c

Сондай-ақ ол еңбек шартына сәйкес жұмысқа 16 жастан бастап 29 жас аралығындағы өтініш берушілер қабылданатынын және биылғы «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыстары маусым, шілде, тамыз айларын қамту арқылы үш кезеңге созылатынын айтты.

3d352214-1c6e-444c-ab40-6fde40e8f6de

- Алғашқы кезеңге өтініш білдіріп, жұмысқа қабылданған аудан жастары маусым айының 1-нен бастап өз жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда олар аудан орталығының көшелерін, қоғамдық орындарын қоқыстан арылтып, шөп-шалаңдарын шабуда. Сондай-ақ талдардың ағаштарын бұтап, әлеуметтік нысандарды, гүлзарлар мен саябақтарды ретке келтіруде, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда 2 жасақта (құрылыс және «Жасыл ел» жасағы) 40-қа жуық жастар жұмыс істеуде. Олар арнайы формамен, құрал-жабдықтармен қамтылған және бір айлық жалақылары 55 000 теңге көлемінде.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521