Жауапкершіліктің жүгі ауыр

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі — күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады.

Нақ сондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі дамып, жаңа түрге ие болады.

Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері құқық бұзушылық болып саналмайды.

Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына, субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар.

Сонымен, құқық бұзушылық деген не?

Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті.

Қылмыс бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын (адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары) бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.

Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян – материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді.

Жазаланушылықты құқық бұзушылық белгісіне жатқызуға да болады, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі қорытындыға келуге болады:

Құқық бұзушылық — қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет.

Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады.

 

Рахымберген Файзоллаев

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  4 курс студенті 

406-топ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT