Жауапсыз мердігерлер жол құрылысын қайта қолға алуы тиіс

Исатай ауданында құрылысы басталып, аяқсыз қалған жол жөндеу жұмыстары жандана бастады, - деп хабарлайды «Нарын таңы». 

Ауданда болған іссапарында облыс басшысы С.Шәпкенов 2020 жылы басталып, мердігер мекеменің жауапсыздығынан жұмысы тоқтап қалған Исатай ауылының 8,6 шақырым ауылішілік автокөлік жолдары аудан әкімдігі тарапынан дер кезінде бақылауға алынып, жүйелі жұмыс нәтижесінде құрылыс осы жылдың қыркүйек айында қайта жанданғанын айтты. 

 - Осындай мердігер мекеменің жауапсыздығы қайталанбауын аудан әкіміне жеке бақылауға алуды тапсырамын. Тұщықұдық ауылының ауылішілік жолдарды қайта жаңғырту (8,3 км 1 288,4 млн. теңге. Мердігер – «Атырау жолдары») жұмыстары 2020 жылы басталды. 

Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтау күтілуде.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Х.Ерғалиев ауылында ауылішілік және жаяу жүргінші жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары (8,6 км) 2022 жылы басталды, Алайда қазіргі уақытта тоқтап қалды. Ағымдағы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстарын қайта бастауды тапсырамын (1 499,6 млн. теңге. Мердігер – «ПромСтройМонтаж» ЖШС).

Одан бөлек Х.Ерғалиев ауылында орналасқан «Демалыс саябағының» құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде (579,76 млн. теңге. Мердігер – «ВҒ Элит-Құрылыс» ЖШС), -деді облыс әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521