Жазғы лагерьде 75 оқушы демалады

Х.Наубетов атындағы орта мектепте “Өркен” аталатын балалардың жазғы лагері жыл сайын жұмыс істеп келеді.

Биыл да 1-4 сыныптардағы 75 бала аталған лагерьде маусым айында 3 кезеңге бөлініп, өз демалыстарын өткізетін болды. Мектеп директоры Ғ.Жиенғазиевтың айтуынша, мұнда негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары қамтылған.

l

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылған тынығу лагерінде тәлімгер, пән мұғалімдері, психолог, спорт нұсқаушысы, медбике, тазалықшы секілді 17 қызметкерден бөлек, жоғары сынып оқушыларынан құралған “Жас Ұлан” қоғамдық бірлестігінің мүшелері және аудандық жұмыспен қамту орталығынан жастар тәжірибесінен өтуге жіберілген А.Кенжеғали мен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің “Музыкалық білім беру мұғалімі” мамандығы бойынша 3-курс студенті Т.Жұмабек лагерь жұмысына белсене араласуда.

l

l

Лагерь жетекшісі Э.Шуханова таңертең бүлдіршіндерді қабылдау, түгендеу, дәрігерлік тексерістен өткізу сәтінен бастап, барлығын жіті қадағалайды екен.

Тоғыз ай бойы тынымсыз білім алумен шұғылданған оқушыларды сергіту, демалыстарының мазмұнды өтуі мақсатында құрылған лагерь күн тәртібі ертеңгілік бой жазу жаттығуларымен басталып, таңғы ас, түскі ас, тынығу уақытына ұласады. Сондай-ақ аралас ас аралықтарында ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралар, спорттық ойындар, заман талабына сай болу үшін ағылшын, информатика пәндерінен қызықты сабақтар өткізіліп, кешкі би кешімен аяқталады.

Мұнымен бірге тынығушылардың табиғат аясына шығып, жасанды бассейнде шомылады, тренажер залында жаттығулары да жүргізілуде.

Тынығу лагерінде болған аз уақытта осындай жақсы істерге куә болып, демалушыларға думанға толы көңіл-күй тілеп, ұмытылмас сәттер көп болғай демекпіз.

Гүлдана Хайрушева,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 1-курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521