Жаза күшейсе де, қылмыс азаяр емес

Қазақстан Республикасы заңдары бойынша қылмыстық құрамы бар әрбір іс-әрекет жауапталып, тәуелсіз сот арқылы жазалануы тиіс.

Аудандық соттың өндірісінде 2021 жылдың 6 айында қаралған қылмыстық істердің біразы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339-бабымен дәрежеленген.

Аталған бап бойынша өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою қылмыс болып саналады. Ондай жағдайда қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ауданымыз Каспий теңізінің жағалауымен шектесетін болғандықтан, бізде көп кездесетін қылмыс түрі заңсыз жолмен балық аулау болып отыр.

Салыстырмалы түрде қарасақ, сот өндірісінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша қаралған істер алдыңғы жылмен салыстырғанда неғұрлым көп. Алайда, бұл сатыда жасалған қылмыстық істер бойынша өтеу жазасы күшейтілсе де, қылмыс азаяр емес.

Статистика бойынша, 2021 жылдың 6 айында аталған бап бойынша сот өндірісіне 9 адамға қатысты қылмыстық іс түскен. Оның 7-еуіне қатысты қылмыстық ісі қаралып, сот актісі шығарылып, нәтижесінде қылмыскерлерге бас бостандығынан шектеу жазалары тағайындалған. Қылмыстық істер прокурордың қатысуымен, аудио-бейнежазба құрылғыларының қолданылуымен қаралып, сотталушылар заңды, әділ жазаларын алды.

Заң шеңберінен аттамау әркімге міндет екенін және заңсыз жолмен пайда табудың жазасыз қалмайтынын естен шығармаған абзал.

Жадыра ИЗИМОВА,

Исатай аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521