Жаз басталып, күн жарқырай түсті. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерге асығатыны анық. Биыл қосымша білім беру ұйымы аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты жазғы лагерь өте қызықты әрі ерекше форматта өткізілді.
Басты мақсаты - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту.Бұл туралы біздер аудандық оқушылар үйінің директоры Ақтоты Шайхықызынан толығырақ білген едік.
-Бұл жерде балалар көңілді, қызықты уақыт өткізеді. Балалардың жазғы демалыс кезеңде бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Лагеріміз күн сайын бекітілген жоспарға сай жүргізіліп отырды. Атап айтсақ, «Сиқырлы суреттер», «Театр әлемі», «Қызықты қазына» квест ойындары, «Таланттар шеруі», «Көшедегі балалардың қауіпсіздігі», «Алаң шебері» сынды тағы да басқа сайыс түрлерінен оқушыларымыз бақ сынап, қабілеттерін шыңдады. Сондықтан, осындай шығармашылық жұмыстар әр баланың талантын ашуға және дамытуға көмектеседі және достарымен бірге сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі жеткіншектердің қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, оларға зерттеулер мен белсенді танымдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі,-дейді ол.
Осылайша, жазғы лагердің әр күні қызық және балалық шақтан көптеген жағымды әсер, әдемі естелік қалдыратыны сөзсіз.
Сағыныш Қайыр