Жеңілдіктер емес, стратегия елді алға сүйрейді

 

Президенттің Жолдауында айтылғандай, мемлекет өзінің негізгі міндеттерінен бас тартпайды және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету — басты мақсаттарының бірі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік жеңілдіктерді орынсыз көбейту — елдің дамуына тікелей кедергі келтіруі мүмкін. Себебі бұл тек қысқа мерзімді қолдау болып қана қоймай, ұзақ мерзімді перспективада бюджеттік теңгерімге салмақ түсіреді.

Қыруар қаражатты тек жеңілдіктерге жұмсап қоймай, оны білім беру, денсаулық сақтау, жол-көлік инфрақұрылымы, энергетика және цифрлық даму сияқты стратегиялық маңызды салаларға бағыттау — елдің тұрақты дамуына нақты үлес қосатын шешім. Мысалы, заманауи мектептер мен ауруханаларды салу, жолдарды жөндеу, жаңа өндіріс орындарын ашу — бұл тек әлеуметтік проблемаларды шешіп қана қоймай, экономикалық өсімді де қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік қолдаулар міндетті түрде қажет, бірақ олар нақты мұқтаж азаматтарға ғана бағытталуы керек. Мұның өзі әділдік пен тиімділіктің кепілі болып табылады. Сол арқылы мемлекет азаматтарға тұрақты сенім мен қауіпсіздік сезімін береді, ал бюджеттік ресурстар тиімді пайдаланылады. Нәтижесінде елдің дамуы мен тұрақтылығы сақталады, азаматтардың өмір сапасы өседі, әрі мемлекет стратегиялық мақсаттарға қол жеткізеді.


Хиуа ҚҰРАСОВА
Ардагер мұнайшы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT