Әжелер салған ән қандай!

Ұлыстың ұлы күні Нарын ауылында тұрғындардың көрісу рәсімімен басталып, шашу шашылып, наурыз көже таратылды.

Ауыл өнерпаздарымен бірге «Асыл әжелер» ансамблі қазақтың халық әндерін тамылжыта орындап, шараның шырайын келтірді. Арқан тартыс, асық атумен бірге ұршық иіруден де ауыл жастары бақтарын сынады. Аудандық мәслихат депутаты Мәди Жиенғазиев, №9 Атырау жол жөндеу мекемесі, Нарын ауылдық клубы демеушілік жасаған ұтыс ойыны жергілікті тұрғындар арасында қызу талқыға ие болып, мереке шырайын кіргізді.

Шараны тойлауға атсалысып, демеушілік жасағандары үшін кәсіпкерлер Нұрғали Хайырсапин, Айман Нұржанова, Нұрлыгүл Аманбаева және «Асыл әжелер» ансамблі округ әкімі атынан Алғыс хаттарға ие болды.

Анаргүл Құсайынова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521