Әжелер салған әндер-ай!

Мереке қарсаңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және аудандық ардагерлер кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Әжелер салған әндер-ай» атты аудандық әжелер ансамбльдерінің фестивалі өткен болатын.

Мақсаты – ұлттық салт-дәстүр-лерді жаңғырту, өз отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру, ел ішіндегі өнерпаз әжелердің өнегесін өскелең кейінгі жас ұрпаққа насихаттау.

Оған әрбір ауылдық округтер мен мекемелерден 9 әжелер ансамблі қатысты. Бәрінің де сол күнгі фестивальге үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Фестиваль шарты 1 халық әні мен 1 қазақ композиторының әндерін 2 немесе 3 дауыста орындау.

Шарада аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев сөйлеп, барша өнерпаз әжелерге сәттілік тіледі.

Сахнаға алдымен қазақы нақыштағы дәстүрлі ұлттық киімдерімен Забурын ауылдық округінен келген «Ақ әжелер» ансамблі шықса, бұдан кейін аудандық орталық аурухана жанынан құрылған «Алтын», Исатай ауылынан «Ақжелең», Х.Ерғалиев ауылынан «Ғұмырнама», Жанбайдан «Сәулем-ай», Нарыннан «Асыл әжелер», «Жайықмұнайгаз» басқармасынан «Мұнайшы ардагер», Тұщықұдық ауылынан «Әжелер әуені», Аққыстаудан «Ғұмыр-дария» әжелер ансамбльдері шығып, «Дедімай-ау», «Гүлдерайым», «Сәулем-ай», «Тойбазар», «Қалаулым» халық әндерін нақышына келтіре орындап берді. Концерт жабылар сәтте қазылар алқасының жетекшісі, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы М.Қибашев пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Насиханов мінберге көтеріліп, жақсы өнер көрсеткен әжелер ансамбльдерінің жетекшілеріне Алғыс хат пен ескерткіш сыйлықтарын табыс етті. Мұндай марапаттаулардан округтердің әкімдері М.Өтеғалиев, Ғ.Боранбаев және басқалары да қалыс қалмады.

Аяпберген САЛИХОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT