Жеміс-жидекті шетелден емес, шарбағыңыздан жеңіз

"Нарын таңы" газетінің бас редакторы Аслан Мұратұлының "Тал егіп жарысайық!" бастамасын қолдай отырып, қолыма қалам алдым.

Биылғы көктем маусымына Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты 400 түп терекке тапсырыс беріп, саябаққа 100 түп, әкімшілік ғимаратының аумағына 100 түп терек отырғызып, қалғаны ауылдық округке қарасты мекемелерге берілді. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жеміс ағаштарына қызығушылығын білдіруде. Жоқ дегенде әр отбасының ауласында өрік, шие, тұт ағаштары бар. Жүзім түптеріне күтім жасап, жемісін жеп отырған жанұяларды кездестіруге болады. «Қалай?» десеңіз де оңайлықпен ештеңе келмейді, әрине! «Білмеймін, біздің жерімізге өсе ме?» деген сылтау ғана. "Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады, Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады" дегендей ізденген, еңбектенген адамға Жер- Ана несібесін аямайды. Шетелден өңделген көкөніс пен жеміс-жидек жегенше, табиғи өнім өсіріп жеуге шақырамын.

Б.НАРМАҒАМБЕТОВА, Исатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT