ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ПАРЫЗЫМЫЗ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп – өркенденіп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс – әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада  пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау Қазақстанның мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдығы болып табылады.Осыған орай, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі органдарында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтар көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілуде. Атырау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 09 сәуірдегі №42н/қ бұйрығымен, 2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Департаментте және оның аумақтық басқармаларында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында мамандары және азаматтар арасында тікелей қарым-қатынасты болдырмау мақсатында өткізу режимі енгізіліп, барлық құжаттарды қабылдау және беру «бір терезе» қағидасына сәйкес жүргізілуі қамтамасыз етілді. Департаменттің және оның аумақтық басқармаларымен тексеру қортыныдысмен орын алған бұзушылықтар бойынша яғни әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша, әкімшілік хаттамалар барлығы 100 пайызы электронды форматқа көшіріліді.  Қазіргі таңда ӘІБТ – (әкімшілік сі жүргізудің біріңғай тізілімі) деректемесімен мобильді қосымша планшеттің көмегімен хаттама, қаулыларды басу арқылы шығарып отыр.  Осыған орай, бөлімде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі органдарында ҚР Бас прокурорының тапсырмасына сәйкес және белгіленген нұсқаулыққа сәйкес заңсыз жағдай туғызатын заң бұзушылықтар көріністерінің алдын алу бойынша біршама іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілуде. Департамент және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін  мемлекеттік қызметтің  түрлері толығымен электрондық форматқа көшіріліп (бір қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы), қызмет алушылармен қызмет көрсетушілер арасында тікелей байланыс жойылды. Департамент және оның аумақтық басшыларымен азаматтарды және заңды тұлғаның өкілдерін қабылдау үшінші тұлғалардың қатысуымен жүргізу міндеттеліп, 2022 жылы 156,  2023 жылдың жыл басынан бері 207 азаматты жеке қабылдау жүргізілді. Департамент және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлері 2022 жылғы табыс және мүлік туралы декларацияларды 15 қыркүйекке дейін толығымен тапсыруды ұйымдастырып отыр. Департамент және оның аумақтық басқармаларының сенім телефондары туралы мәлімет жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарландырылып, түскен ақпаратты тіркейтін жауапты тұлғалар белгіленген. Сенім телефонының тұрақты жұмыс жасауы кезең-кезеңімен тексеріліп, қадағаланып отыр. Қолжетімді жерлерде лауазымды тұлғаларға қатысты заң бұзушылық фактілері бойынша тұрғындардың арыз - шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылған және бұйрықпен мамандар тіркеп қадағалап отыр. Жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне кеңес беру арнайы бөлініп жабдықталған бөлмелерде өткізілуде. Департаментте және оның қалалық басқармасында арнайы бөлме бейнекамера арқылы бақыланады. Осы бойынша тоқсан сайын есебі жүргізіліп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-шаралармен ақпараттандыру мақсатында барлық аумақтық басқармаларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы» стенді орнатылды. Департамент және оның аумақтық басқармаларының жұмысының ашықтығын әлеуметтік желілерде халықпен кері байланыс жұмысын ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету үшін «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілері ашылып, жұмыс тұрақты түрде жасалуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес қала және аудандық басқармалардың қызметіне талдау  жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында шаралар алынды. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес қызмет этикасы нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл тоқсан сайын кемінде бір реттен анонимдік  сауалнама жүргізіліп,жіті бақылануда.

 

 

 

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөнінідегі уәкілі

Уразгалиев Қадыржан Мақсотұлы

 

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521