Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Сыбайлас жемқорлық - бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.
Осыған байланысты қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және ашуға, зардаптарын жоюға, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өйткені сыбайлас жемқорлық экономикамыздың дамуын тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің озық үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Біздің ауылдық округ әкімшілігі де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Бір сөзбен айтқанда, заңды сыйлап, заңын құрметтеген елде ғана заңсыздықтардың жолы кесіледі. Жемқорлыққа тұсау салынады. Ендеше біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Асқар АБУОВ,
Нарын ауылдық округінің әкімі


