ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ОРТА – ДАМУДЫҢ ЖОЛЫ

сурет ғаламтордан

 

Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай, онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек»,-деп атап көрсетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Мемлекетіміздің кез келген азаматы Қазақстан Республикасының Консти-туциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында берілген тапсырмалардың, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санап, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз біркісідей атсалысып, күресуіміз қажет.

Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын сақтай отырып, қызмет атқарып келеді.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы жұмыс тобы құрылып, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру туралы» Заң талаптарының сақталуы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Іс-шарада қоғамдағы келеңсіз құбылыстың алдын алу және болдырмау  мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы тақырыптарға бөлімдегі қызметкерлермен, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын меке-мелердің есепшілерімен «дөңгелек үстел», семинар өткізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұқыпты жүргізу, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша ашықтықты қамтамасыз ету, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және басқа да іс-шараларды қамтиды. 

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қызметкерлерге түсінік жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады.

Бекітілген бюджет қаржысы мемлекеттік сатып алу порталына орналастырылып, ашық конкурс, баға ұсынысы бо-йынша жарияланып, мердігері анықталып, электрондық нұсқада келісім шарт жасақталып, «Қазынашылық-клиент» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы аударымдар жүргізіледі.

Ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ету  мақсатында бюджет шешімдерінің жобасы «Ашық НҚА»  порталына жарияланады,  түскен ұсыныстар болса ескеріліп,  шешім жобасына түзетулер енгізіледі.  Сонымен қатар, бюджеттік  бағдарламалар  бойынша жоспарланған қаржылар  «Ашық бюджет» порталына  салынып, бюджет нақтыланулар кезінде  өзгерістері енгізіліп, қол жеткізілген нәтижелері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2009 жылдан бастап «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қызметі көрсетіліп келеді. 

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу – жалпы қоғамның басты міндеті мен борышы. Сондықтан да заң бұзушылықтарды болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту – біздің алға қойған басты мақсатымыз.

 

Алтынзер САПАЕВА,
аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT