Жемқорлықты әшкерелеп, 12 млн. теңгеден астам сыйақы алды

Egemen.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғынына 12,2 миллион теңге сыйақы берiлдi.

Бұл параның жалпы сомасының 10%-ын құрайды.2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді. Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында.

Аталған төлемдер сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, ақпарат берушілердің толық құпиялылығы қамтамасыз етiледі. Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады.

Айта кетейік, 2022 жылы Антикор Call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 233 хабарлама түсті. 37 хабарлама бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 18 сотқа жолданды, 20 ЕҚДБ бойынша тоқтатылды, 25 ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды.

Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап ету, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, «қамқорлық» көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуларыңызды сұрайды.

Facebook | Instagram | YouTube 📞 Call-центр - 1424

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521