Жер қойнауын пайдалану саласында жасанды интеллектті енгізу — заманауи басқарудың жаңа деңгейіне көшу жолындағы маңызды қадам. Президенттің Жолдауында атап көрсетілгендей, бұл салада ашықтықты қамтамасыз етіп, тиімділікті арттыру үшін цифрландыру аса қажет. Жасанды интеллект көмегімен геологиялық мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау үдерістері анағұрлым жылдам әрі нақты жүзеге асады. Бұл ресурстарды игерудегі жоспарлауды оңтайландырып, қателік ықтималдығын азайтады.
Мұндай тәсіл инвесторлар үшін сенімді орта қалыптастырып, саланың тартымдылығын арттырады. Сонымен қатар, цифрлық жүйелер арқылы табиғи байлықтарды әділ және тиімді бөлуге жол ашылады. Бұл — елдің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Геологиялық деректердің ашық әрі қолжетімді болуы ғылыми қауымдастық пен бизнес үшін де үлкен мүмкіндік. Сондықтан жер қойнауын басқарудағы цифрлық жаңғыру — тек технологиялық ілгерілеу емес, мемлекет мүддесін көздеген кешенді стратегиялық шешім.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі


