Инвестиция тарту – тек орталық атқарушы органдардың міндеті деп қарастыруға болмайтын аса маңызды бағыт. Бұл процеске жергілікті билік те белсенді түрде атсалысып, өңірлердің экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолында ортақ күш жұмылдыруы қажет.
Әрбір аймақтың басшысы өз өңіріндегі инвестициялық ахуалға тікелей жауап беріп, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауды негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырғаны жөн. Осы мақсатта өңірлердің әлеуетін бағалап, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі арнайы инвестициялық тартымдылық индексін енгізуі тиіс. Мұндай индекс аймақтар арасындағы даму қарқынын, инвестиция тартудағы тиімділікті және әкімдердің жұмыс көрсеткішін анық көрсетуге мүмкіндік береді.
Рафиғат ТАЖИДЕНОВА
Қамысқала ауылдық округінің әкімі


