ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ӨР СУЫНАН ҚОРҒАНУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСІП КЕТТІ

Қазіргі кезде Исатай ауданы бойынша өр суынан қорғану және жаға бекіту жұмыстары жүзеге асырылуда.

 

Осыған байланысты кеше аудан әкімі Нұрым Мусин  Жайық өзенінен су сорғымен айдалып толтырылатын Бақсай каналының Х. Ерғалиев ауылының тұсындағы каналдардың осал тұстарын бекіту жұмыстарымен танысып, аралап қайтты.

-Өр суынан қорғану жұмыстарына күні бүгін шамамен 130-дай адам қатысуда. Олардың ішінде ауыл белсенділері, жастар, бюджеттік мекеме қызметкерлері бар.Шынын айту керек,каналдың кейбір жұмыстарын ауыл тұрғындары қол күштерімен атқаруда, ал ертеңнен бастап бекіту жұмыстарына «Жайықмұнайгаз» басқармасының, «Тодини конструциони дженерали С.П. А.» фирмасы мен бюджеттік мекеме теңгеріміндегі техникалар жұмылдырылады. Сондай-ақ каналдың Х. Ерғалиев ауылы мен Тұщықұдық ауылы аралығындағы су көтерілетін тұстары да біздің басты назарымызда,-деді ол.

                                                                                                   Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT