Жерлесіміз жыр додасында топ жарды

Көршілес Махамбет ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жыр арқауы – Тәуелсіздік» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Жазушылар Одағы облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев, ақын Амангелді Есенғалиев пен Жәниба Қарасаевалар төрағалалық еткен айтыстың бас жүлдесін және 400 мың теңге байрақты жерлесіміз Серікбол Панабердиев қанжығасына байлады. Бірінші орынды индерлік Жәнібек Садыров (байрақ – 300 мың теңге), ІІ орын жерлесіміз Өнербек Дәулекенов (байрақ – 250 мың теңге), ІІІ орынды индерлік Баймұрат Кеңесов, махамбеттік Серік Қойшығұлов пен жылыойлық Ғалымбек Мұстафа (байрақ – 150 мың теңге) жеңіп алды.

9

- Айтыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Қазақ тілінің жаны» саналатын айтыс өнері әр өңірде өмірін жалғастыруы керек. Айтыскерлердің дайындығы жоғары деңгейде екендіктерін байқадық. Республикалық айтыстардан кем емес деп айтуға әбден болады. Елді басқарудағы ғана емес, қарапайым халықтың да жіберіп жатқан қателіктерін, отбасын құру, бала тәрбиесі жайында да көптеген дүниелер айтылды. Мұның бәрі болашақ ұрпаққа сабақ болып, жақсы қызмет етеді деген сенімдемін, - дейді қазылар алқасының мүшесі, ақын Ж.Қарасаева.

- Елді дүрбелеңге салған пандемиядан кейінгі өткізіліп жатқан мазмұнды шара жоғары деңгейде өтті. Атырау айтысының қазіргі деңгейі бұрынғыдай емес, жастар жетіліп, өсіп келеді. Бүгінгі айтысқа қатысушылардың арасында осалы жоқ. Ұйымдастырушыларға бек рахмет. Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерден бөлек күнгей мен көлеңкемізді де, сынды да ақындар жырына арқау етті. Сын айтсақ та, шын айту – айтыскерлердің басты мақсаты. Сол үдеден шыға білдік деген ойдамын, - дейді С.Панабердиев

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521