Жерлестеріміз «Қазақстанның алтын кітабына» енді

Елге еңбегі сіңген жандарды кейінгі ұрпақ  есінде сақтауы тиіс. Осы бағытта республикалық «Orda.kz» баспа үйінің әр аймақтың шоқ жұлдызындай болып жанып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы жарыққа шығып келеді.  Осы энциклопедиялық кітапқа ауданымызға есімдері жақсы таныс ауылдастарымыз, аққыстаулық жеке кәсіпкер, «Әжелер ансамблінің» мүшесі, Құрмет грамотасының иегері, II дәрежелі «Медаль материнства» медалінің иегері, үлгілі отбасы иелері Мақпал Отарова мен зинедендік «Қарлығаш» шаруа қожалығының басшысы, аймағымызға есімі белгілі емші Қарлығаш Махимова енді.

Бұл энциклопедияның мақсаты – бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде қалып, еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастыру. Былайша айтқанда, бұл кітапқа әр саладағы үздіктердің үздігі ғана енеді. Мұнда сондай-ақ саясат пен бизнес, қоғамдық сала мен ғылым, спорт, өнер мен ағартушылық, мәдениет салаларында жетістік желкенін керіп, арғы жағы әлемнің, бергісі ел ішінің қошеметіне бөленген тұлғалардың өмірі жинақталған. Бір сөзбен айтқанда, энциклопедиялық кітап еліміздің дамуына үлес қосып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген, жаны нұрға тұнған жақсы адамдар туралы сыр шертеді.

   

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT