ЖЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАНДАНДЫ

Топырағы құнарсыз дегенмен, аудан аумағынан жермен жұмыс жасаушылар да жоқ емес. Деректерге қарағанда, биыл ауданда 81 га жерге егін салудың жоспарланып отырғаны соның дәлелі.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Мұқановтың егін егу жұмыстарына дайындық барысын білу, осы бағытта қажетті түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында егін шаруашылығымен айналысушы шаруагерлерді арнайы аралауы да жоспарлы егін егу жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылуына қолдау танытуы еді.  Сол сапарда әкім орынбасарымен бірге ҚР АШМ АӨК МИК аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Қ.Ажғалиев, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалы басшысы Н.Исқалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Қ.Ермұханов та бірге болды.

Білгеніміздей, бұл іске, яғни егін салушыларға «ТехСервис» шаруа қожалығының сенімгерлік басқаруындағы 1 дана «Беларусь-82» тракторы көмекке берілген екен. Аталған техника күшімен егін салынатын 16 гектар жер жыртылып үлгерген, бұл шаруаны өз күштерімен атқарып жатқандары да бар. Топырақ қыза жандана түскен бұл істі биыл ғана бастағандары жерлерін қоршау жұмыстарымен де айналысып, жер жырту, малалау жұмыстары жалғасын табуда.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521