«ӘЖЕСІНІҢ БАЛАЛАРЫНЫҢ» КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

 

Қоғамға үлестерін қосып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуге, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ат салысып жүрген өнерлі, талантты жастар баршылық. Осы орайда жақында Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Доссор мәдениет үйінің сахнасында  «Талаптан» арнайы жобасы аясында «Жастар кубогі» өткен болатын. Бұл ойынға ауданымыздан шыққан жас жайдарманшылар яки қамысқалалық «Әжесінің балалары» қатысып, чемпион атанды.

 

 

Бізге осындай ақжолтай хабарын жоғары да аталған команда жетекшісі Нұрберген Мирамбайұлы жеткізген еді. Ол бұл жетістігін кезекті жеңісінің бірі екендігін тілге тиек етті.

–Жайдарманға қала, аудан, ауылдардан  жиналған 8 команда бақ сынасты. Ойын жақсы, тартысты деңгейде өтті. Нәтижесінде, чемпион болып, бас жүлдені еншіледік. Залға лық толы жайдарман сүйер жанкүйер жастар ойыннан керемет әсер алып, шапалақ ұрып, қолдау көрсетіп отырды. Бұл да бір біздің кезекті жетістіктеріміздің бірі болды. Қоржынымызға 100 мың ақшалай жүлде қоса бұйырды. Біздер оны Алматы қаласындағы республикалық «Jaidarman Junior» лигасының 1/2 финалдық ойынына жаратуды құп санадық. Бір жағы біз осылай жер-жердегі арнайы жобаларға қатысып, қолымыздан келгенше жүлдеге ілініп, жазғы ойынға қаржы жинаймыз деп ниет еткенімізді жасырмаймын. Себебі бізде демеуші жоқ. Сондықтан бізді үнемі қолдайтын ата-анамыз бен әжелеріміз ғана, - дейді ол сөзінде.

 

 

Қамысқалалық жастардың талабы да, таланты да зор.Ендеше, жайдарманшыларға жеңісті күндерін көп болсын дейміз.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT