1 сәуір- халықаралық күлкі күніне орай Қамысқала ауылдық округі мәдениет үйінде әкім кубогы үшін оқушылар арасында КТА ойындарынан жарыс өтті.
Жарысқа Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектебінен екі команда, яғни «Менталитет», «На рахате» командалары, Новобогат орта мектебінен «Жаңа байлық», «Әжесінің балалары» командалары қатысты.
Жарыс қорытындысында «Әжесінің балалары» командасы алға суырылып шығып, әкім кубогін жеңіп алды. Ал, «Менталитет» командасы мәдениет үйінің арнайы кубогіне ие болса, қалған екі команда алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ үздік ойыншылар да марапаттардан құр алақан қалған жоқ.
Жайна МӘЛІМҚОЖА