Жетісудан арқаға ел қондырған

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Қазақстанның алғашқы Президенті ретінде жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Оның стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Қазақстан - дүниежүзі мемлекеттерінің ішінде ешбір баламасы жоқ Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрған жалғыз мемлекет.

Қазақстан – әлем ішінде алғаш болып шет елдерден өз қандастарын алдырып, әр жылдары тоз-тоз болып шашырап, тарап кеткен қазақтарына баспана беріп, тарта білген жалғыз ел.

Қазақстан - ел ішіндегі жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың басын бір арнаға тоғыстырып, діни және конфессияаралық татулықты әйгілеп келе жатқан саясаты кемел, экономикасы тұрақты, шекарасы мен қуатты Армиясы бар алып ел. Ал, осы істердің басы-қасында әрқашан қазақ елінің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бола білді. Ол қысқа уақыттың ішінде Жетісудан Арқаға ел қондырып, су жаңа астана салған кемеңгер елбасы ретінде тарихта алтын әріптермен аты қалды. Сондықтан Назарбаев феномені ел ішіндегі әрбір тұлға үшін мақтаныш болуы тиіс.

Бір әрқашан еліміздің жасампаз патриоты ретінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылған қуатты Қазақстанның ұстанған бағыты мен бағдарын жалғастыра беретін боламыз. Өйткені, қазіргі қазіргі Қазақстан ұстанған саясат әлем ішінде бірден-бір көшбастаушы тұғырға айналып отыр. Сондықтан өзім басшылық етіп келе жатқан аудан халқын болып жатқан саяси үдерістерді салмақты қабылдауға шақырамын. Әрбір жаңалықтан, ел үшін жасалып жатқан кез келген істен қайыр мен жақсылық қана күтетін салқынқандылығымыздан ажырамай, ел бауырының бүтін, іргесінің аман болғанын тілейік дегім келеді.

Сіздерге деген құрметпен,

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521