«ЖІГЕР» АНСАМБЛІ – ЖҮЛДЕГЕР

Votes

Күй күмбірлеп, ән қалықтаған Нарын өңірінің өнерлі өрендері талай тартысты бәсекелерде бабында екенін танытумен келеді. Күні кеше облыс орталығында өткен тағы бір өнер додасында жерлестеріміздің мерейі және үстеді.

Ол Атырау облысы білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық музыка және өнер мектептері мұғалімдері арасында өткен V облыстық оркестр және фольклорлық ансамбльдер конкурсы болатын.

Аталған конкурсқа облыстың барлық аудандары мен қаладан жалпы саны 18 ұжым, атап айтқанда, 4 оркестр ұжымы және 14 фольклорлық ансамбль ұжымы қатысып, бағы мен бабын сынаған еді.

Бұл өнер бәсекесіне біздің ауданнан Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің «Жігер» фольклорлық ансамбі және Новобогат балалар саз мектебінің «Көңіл- күй» фольклорлық ансамлі қатысты. Нәтижесінде белгілі өнер иелері Қуаныш Кипиев (төраға), Ержан Қитаров, Талғат Камалиденов қазылық еткен байқау қорытындысында «Көңіл-күй» ансамблі Алғыс хат иеленсе, «Жігер» ансамблі бірінші орынды олжалады. Айта кетуіміз керек, Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің директоры Ербол Ақтанов жетекшілік ететін жүлдегер «Жігер» ансамблі бұл жолы Айбол Құдайбергеновтың «Ою-өрнек», Жалғас Назаровтың «Исатай дабылы», Евгений Брусиловскийдің «Шегенің ариясы» (жеке дауыста облыстық, республикалық конкурстардың лауреаты Дулат Зұлхашев) шығармаларын орындаған еді.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT