Жүйелі жұмыс – жемқорлыққа тосқауыл

сурет ғаламтордан

 

Сыбайлас жемқорлық – адамгершілікке, заңға және әділеттілікке қайшы келетін, қоғам мен мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіретін қауіпті құбылыс. Ол тек заң бұзушылық емес, сонымен бірге халықтың мемлекетке деген сеніміне сызат түсіретін, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікке кері әсер ететін жүйелі дерт.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің басым бағыттарының бірі ретінде атап келеді. Бұл бағытта елімізде институционалды және заңнамалық деңгейде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы саясатты жүзеге асыру – барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, соның ішінде аудан әкімдігінің де басты міндеті. Ауданымызда осы бағытта бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық кеңестер мен азаматтық бақылау тетіктері енгізіліп, әкімдік жұмысы туралы ақпараттар тұрақты түрде халыққа ұсынылып отырылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Әр адам өз ісінде адал, жауапты, заңға сай әрекет етсе – жемқорлыққа жол берілмейді. 

Мен аудан әкімі ретінде барлық мемлекеттік қызметкерлерден ең алдымен  жауапкершілік, әділеттілік, қоғам мен халық алдындағы адалдықты талап етемін. Бұл бағытта ешқандай ымыраға жол жоқ. Әр мемлекеттік қызметкер – халықтың қызметшісі екенін ұмытпауы тиіс. Біз бірлесе отырып, әділ қоғам, дамыған аудан және жарқын болашақ құра аламыз. Адал еңбек – абыройлы өмірдің кепілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – күнделікті өміріміздің, қызметіміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

 

Нұрым МУСИН,
Исатай ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT