Жұмажан Қадымұлын еске алу мақсатында турнир өткізілді

Биыл Қазақстан республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толды. Міне, осыған орай  саналы ғұмырын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты, Исатай ауданының Құрметті азаматы

Жұмажан Қадымұлын еске алу мақсатында шахмат пен тоғызқұмалақтан аудандық турнир өткізілді.

Жұмажан Қадымұлы –мәдениет пен спортты жанына серік етіп,айтар ойдың айқындылығымен, жүйелі сөзімен халқының ықыласына бөленген жан.Осы еңбегімен еленген арда азаматты еске алу мақсатында  аудан тұрғындары арасында турнир ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға марқұм ағамыздың туған-туыстары, жары, ұлы қатысты.

Салтанатты жиында алғы сөз легін алған аудан әкімі Нұрым Мусин көпшілікке жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал ұйымдастырушылар атынан аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов бұл іс-шараның мәні мен маңыздылығын атап өтті.

Бұл додаға аудан бойынша 7 ауылдық округ және де аудандық мәслихаты аппаратынан ерлер мен әйелдер арасында барлығы 8 команда қатысып, 30 спортшы бақ сынады.

Нәтижесінде, командалық есеп бойынша Жанбай ауылдық округ командасы 3 -орын еншілесе, Аққыстау ауылдық округ командасы 2- орынды місе тұтты.Ал оқ бойы озық шығып, жеңіс тұғырынан көрінген Зинеден ауылдық округ командасы жүлделі 1-орын иеленді.

Сондай-ақ, үздік деп танылған қатысушыларға Жұмажан Қадымұлының отбасы атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521