Жұмылсақ, жолын кесеміз!

сурет ғаламтордан

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты  алаңдататыны анық.    

Иә, ол - әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Мемлекет басшысы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың бас-ты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсеткені белгілі. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоюдың, ол үшін құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет-ақ. Бұл ретте конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту - бүгінгі күндегі басты мақсат.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны да осы бір кеселдің қаншалықты залалды екенін айқындай түседі десек артық емес. Сондықтан да, жоғарыда айтып өткеніміздей, біздің еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізетін келеңсіз құбылыспен күресу отандастарымыздың баршасына  ортақ мәселе болғандықтан ауылдастарымыз да онымен күрестен тыс қалмауы тиіс.

Түйіндей айтқанда, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, бұл дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың, жолын кесудің барлық амалдарын қолданып қана тиімді түрде қарсы тұра аламыз. 

 

Гүлжан ЖҰМАЛИЕВА,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT