Жұмыс сапарына қарамастан, дауыс беруге асыққан азамат

 

№133 сайлау учаскесіне қарапайым еңбегімен ел экономикасына үлес қосып жүрген, жұмысшы маман иесі Жеңіс Сәбит те келіп, саяси науқаннан қалыс қалмады. Бұл жолы ол Теңіз кен орнына жол жүргелі тұрған еді. Алайда, ол маңызды саяси дода — сайлау күнін ескерусіз қалдырмады,- деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.

- Таңертеңгісін сайлау учаскесіне арнайы соғып, өз дауысымды беріп, азаматтық борышымды өтеуді жөн санадым, -деген ол уақыт тығыз болса да, «дауыс беру — болашақ үшін жасалған таңдау» деген оймен әрекет еткен ол ел болашағына бейжай қарамайтын жанның жарқын үлгісін көрсетті.

Жеңіс Сабит секілді азаматтардың белсенділігі — қоғамның саяси мәдениетінің артып келе жатқанының дәлелі. Ол сияқты жұмысқа асығып тұрса да, елдік істе шет қалмауға тырысқан азаматтардың әрекеті өзгелерге де үлгі болары анық.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT