Жұмысшы маман иелері ауыл әкімін сайлауда белсенділік танытуда

Бүгін №130 сайлау учаскесінде өз дауыстарын берген жас отбасы, жұмысшы мамандық иелері Серікбол Аманов пен Жазира Утебалиева саяси науқаннан қалыс қалмай, елдің болашағына өз үлестерін қосуға ұмтылды.

-Сайлаудан әділ шешім шыққанын күтеміз.Халықтың қалауы, таңдауы орындалып, келешегіміз жарқын боларына сенеміз.Әсіресе, өз кандидатурасын ұсынып отырған жергілікті азаматтардан жаңа өзгерістер, бастамалар күтеміз,-дейді отағасы Серікбол Аманов.

Айта кетейік, №130 сайлау учаскесінің төрағасы Акжаркин Шадированың баяндауынша сайлау учаскесіне 1430 дауыс берушілер тіркелсе, үйден дауыс берушілер саны -8 тіркеліп үлгерген.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT