Аққыстау ауылдық округі әкімін сайлау науқанына округ тұрғындары белсенді түрде қатысуда. Солардың қатарында Аққыстау ауылдық округінің қызметкері, қарапайым жұмысшы Сабит Сүйесінов те бар.
Қарапайым жұмысшы мамандығын таңдаған Сабит ағамыз бүгінгі саяси науқанға келіп, өзі тіркелген №133 сайлау учаскесінде ауыл болашағы үшін дауыс берді. Ол ел ертеңі әр азаматтың дауысымен айқындалатынын жақсы түсінеді.
- Бұл – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Ауылдың дамуына бейжай қарамай, өз үлесімізді қосуымыз керек, – дейді ол.
Саяси науқанға бейжай қарамайтын еңбек адамдарының белсенділігі – халықтың саяси санасының өскенін көрсетеді.
Сағыныш ҚАЙЫР