Жұмысшы мамандарына деген құрметті арттыру – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды мәселе. Өйткені кез келген өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету саласы ең алдымен осы мамандардың күнделікті еңбегіне сүйенеді. Сондықтан олардың еңбегін бағалап, лайықты жалақы төлеу – мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі ғана емес, елдің болашағына салынған инвестиция болып табылады.
Жалақының әділ әрі жеткілікті болуы жұмысшының еңбекке деген ынтасын күшейтеді, мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырады. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығын азайтып, жас буынның да жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын оятады. Мамандық мәртебесінің артуы тек бір саланың емес, жалпы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.
Сонымен қатар жұмысшы мамандарына қолдау көрсету еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Құрметке ие болған, жақсы жалақы алған қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби деңгейін көтеруге ұмтылады. Бұл жаңа технологияларды тиімді енгізуге, өндіріс сапасын арттыруға және елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, жұмысшы мамандарға жағдай жасау – қоғам дамуының маңызды тетігі. Мемлекет, жұмыс берушілер және қоғам бірлесіп, еңбек адамын қолдау арқылы тұрақты, қуатты, өркендеген ел құра алады.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

