Жол ережесін елемеу – опатқа апарар қадам

 

Аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аудандық полиция бөлімінің басты назарындағы мәселелердің бірі.

Ағымдағы жылдың 15-30 Қыркүйек аралығында Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы өтуде. 

Қазіргі таңда көлік санының көбеюі, жолдағы қозғалыстың қарқын алуы кейбір жағдайда жол ережелерінің сақталмауына әкеліп соғуда. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларына себеп болуда. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін аудандық полиция қызметкерлері тарапынан күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің де жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Әсіресе, жаяу жүргіншілер өтпесінде тоқтамау, жылдамдықты асыру, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану – жиі тіркелетін құқықбұзушылықтардың қатарында. Осындай әрекеттердің соңы қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін екенін естен шығармаған жөн.

Ата-аналардан балаларын жолда жүру ережелерімен таныстырып отыруды сұраймыз. Себебі, балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру – ертеңгі күннің қауіпсіз кепілі.

Аудандық полиция бөлімі тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, бір-біріне түсіністікпен қарап, жауапкершілік танытуға шақырады. Қауіпсіз жол – бәрімізге ортақ міндет!


Дәурен ОРЫНҒАЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT