ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАШАН БІТЕДІ? Мәжіліс депутаты Исатай ауданында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов арнайы іссапармен  Истай ауданында болды.

 Мәжіліс депутаты алдымен іссапарын «Атырау-Астрахан» автомобиль  тасжолының бүгінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының тыныс-тіршілігі барысымен танысудан бастады. Бұдан кейін ол аудан орталығындағы «Жалын» мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Онда «ҚазАвтоЖол» мемлекеттік мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Болатбек Айтбаев тұрғындар алдында «Атырау-Астрахан» тасжол құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

-Жалпы бізде Атырау мен Котаевкаға дейін жол ұзындығы 277 км, оның 20 км республикалық бюджеттен салынған. Қазір пайдалануға берілгені 20 км. Қайта жаңғырту жұмыстары -257 км. Келісім шарт құны -77,6 млрд теңге. Жалпы  учаскелер саны 5-еу. Оның біреуі - солтүстік айналма жол. Оның ұзындығы -26 км, мердігері – «Ақ жол құрылыс» мекемесі.

Бірінші учаске ұзындығы -32 км. Оның 5 км қалаға тапсырылады. Одан осы жолдың 27 км қалады. Қазіргі күнде 26 шақырым асфальт жол толығымен бітіп тұр. Енді оның 1 км қалып отыр. «Құрғақ» пен «Байшақа» арасы 200 метр, сол жердегі айналма жол мен «Бақсай» көпірінің жұмысын да жыл аяғына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен тіке жол ашылады.

Әрі қарай екінші учаске басталады. Оның мердігері - «Todini Costruzioni Cenrali S.p.A» компаниясы. Мердігер мекеменің келісім шарт құны -14,2 млрд теңгені құрайды.Ұзындығы -45 км. Бірақ, бірінші учаскенің шекарасынан бас-тап, өзінің учаскесінің соңына дейін 46,6 км қашықтықты құрайды. Оның 41 километріне асфальт төселген. Пайдалануға берілгені - 40 км.

Сондай-ақ, «Аққыстау мен Тұщықұдық» автомобиль айналма жол құрылысы да жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған тиісінше қаражат пен қиыршық тастарға қажеттілік туып тұр, бірақ таяуда қамтамасыз етіледі.

Аққыстауда екі көпір бар. Сол көпірдің бірі – «Қаратүбекте» де жұмыстар жасалып жатыр,  әрі кетсе 10 шақты күннен кейін толығымен бітеді. Яғни ауыл шетіндегі көпірдің жұмысы толығымен бітіп тұр. Тек абаттандыру жұмыстары ғана қалды. Сонымен бірге, екінші учаске, 2 көпір бітсе, Х.Ерғалиевтен Тұщықұдық ауылына дейін 8,1 км бітсе, толығымен асфальт жол пайдалануға беріледі, -деді Болатбек Айтбаев.

Одан кейін Мәжіліс депутаты Д.Тұрғанов «Amanat» партиясының аудандағы филиалының ғимаратында арнайы қабылдау өткізіп, тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелеріне құлақ түрді. Қабылдауда көтерілген мәселелердің басым көпшілігі аудан аумағында каналдардың жағдайы, ауылішілік жазғы су құбыры, ауылдар мен елді мекендердегі қатқыл табанды жол құрылыстарының жайы, ауылдардағы электр желісі, аудандағы құрылысы тоқтап тұрған көптеген әлеуметтік нысандардың жағдайы, басқа да мәселелелер сөз болды. Осы жерде бір айта кететін жайт, өңірімізге қатысты кейбір сұрақтарға аудан әкімі Полымбет  Хасанов жауап берді. Тіпті Томан елді мекенінен келген ауыл жанашырлары – жастар жол бойындағы белгілердің болмауынан соңғы кездері жол-көлік апаттары көбейіп бара жатқанын сөз етті. Электр жарығының жиі сөнуі, сол елдімекен тұрғындарын мезі еткенін де назардан тыс қалдырмады. Мәжіліс депутатына да сан сауалдар қойылып, айтылған көкейтесті мәселелердің бір шешімін табатынына сенім білдірді. Кездесуге, сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Нұрым Мусин де қатысып, жергілікті тұрғындардың толассыз сұрақтар легінің орынды екенін тілге тиек етті.

                                                                                                                                                Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT