Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын зор ықыласпен қабылдадық. Ел дамуындағы жаңа кезеңді айқындаған бұл құжат – әр салаға, соның ішінде спортқа да тың серпін беретін тарихи бағдарлама.
Президент атап өткен цифрлық трансформация мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін спорт саласына енгізу – уақыт талабы. Жаттықтыру үдерістерін деректерге негіздеп жетілдіру, спортшылардың денсаулығы мен дайындық деңгейін цифрлық бақылау, онлайн-талдау жүйелерін қолдану – жоғары нәтижеге қол жеткізудің кепілі.
Жолдауда көрсетілгендей, жас ұрпақтың жаңа технологияны меңгеруі – еліміздің болашағы. Біз спорт клубы ретінде жасанды интеллектті пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдердің қабілетін ерте анықтап, олардың спорттағы әлеуетін ашуға дайынбыз. Сонымен бірге ауыл-аймақтағы спорт инфрақұрылымын цифрландыру арқылы қолжетімділікті арттыру – басты міндеттердің бірі.
Президенттің Жолдауын қолдай отырып, біз спорт саласын цифрлық дәуір талаптарына бейімдеп, еліміздің дені сау, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етеміз.
Бекзада МЕҢДЕКЕНОВА,
Педагогика ғылымдарының магистрі, «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы директорының уақытша міндетін атқарушы

