Жолдауда көтерілген әр мәселе – ел игілігі үшін

 

Жұма күні біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылап, өз ұсыныстарымызды ортаға салдық.

Ең алдымен, цифрландыру мәселесіне тоқталғым келеді. Бүгінде заман ағымына қарай озық технологиялар күн сайын дамып келеді. Бұл үрдіс еліміздің жаңа Қазақстанға қадам басуының айқын көрінісі. Цифрландыру – тек қана басқару жүйесін емес, халықтың тұрмыс сапасын да жақсартатын маңызды бастама.

Келесі бір өзекті мәселе – дәстүрлі емес діни ағымдар. Өкінішке қарай, біздің ауданда да бұл тақырып өзекті болып отыр. Кейбір мектептерде орамал тағатын оқушылар мен ата-аналар мұғалімдермен жиі түсініспеушілікке барады. Мұндай мәселелерді шешу – қоғамның тұрақтылығы үшін маңызды.

Президент Жолдауында айтылған шағын мектептердің жағдайына да ерекше тоқталғым келеді. Өзім Қызылүй мектебінде мұғалім болып еңбек еттім. 80 орындық мектепте бар болғаны 30 бала оқиды. Бұл – білім сапасына да, спорт және басқа салалардағы нәтижелерге де әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан шағын мектептердің тиімділігін арттыру – уақыт талабы.

Тағы бір маңызды мәселе – әлеуметтік көмек. Бүгінде елімізде әлеуметтік қолдау алатын адамдардың қатары көбейіп барады. Бірақ, өкінішке қарай, бұл отбасылық құндылықтың төмендеуіне де әсер етуде. Әрбір көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға бағытталуы қажет деп санаймын. Сөздің соңында, Президентіміздің Жолдауында көтерілген әрбір мәселе – еліміздің болашағы үшін маңызды. Біз осы бағыттағы міндеттерді іске асыруда жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.


Ерболат Насимуллин,
Исатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT